Қарқаралы

Жұмыс қарқынды жүруде

        «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша Қарқаралы қаласының шығыс бөлігінде «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымын, су және жылумен қамтуды жаңғырту» бағытында жұмыстар жүріп жатыр.

«Парсек» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қолға алған бұл жұмыстар барысында барлығы 6,210 шақырым инженерлік жүйелер тартылатын болады. Оның ішінде 1,787 шақырым – электр жүйесі, 1,696 шақырым – су жүйесі, 2,727 шақырым кәріз жүйесі бар. Қазір жерді қазу мен құбырларды жалғау ісі қарқынға ие.

Арнайы құрылған комиссия өткен аптада осы маңызды нысанда болып, жұмыс барысын көрді. Комиссия жетекшісі, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының орынбасары Орынбасар Қыстаубаев, облыстық мәслихат депутаты, «Нұрлы жол» бағдарламасы бағытындағы «Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту және орналастыру» бойынша облыстық комиссияның мүшесі Саят Оспанов, сонымен қатар, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің сектор меңгерушісі Жасұлан Сыздықов пен аудандық мәслихат депутаты Мейір Мүбәраков құрылыс жұмыстары жүріп жатқан нысанды аралап, серіктестік шебері Әділ Сүгіровпен атқарылған жұмыс көлемі мен жоба-жоспарлар туралы сөйлесті.

Нысандағы жұмыстарды серіктестік биылғы жылдың қараша айында аяқтауды жоспарлап отыр.

Сағыныш ӘБІЛОВА.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button