Руханият

Жұлдыздар жарқыраған күн

Қаланың 90 жылдық мерейтойы ауқымды түрде аталып өтілуде. Соның бірі қала мерейтойы үшін, арнайы ұйымдастырылып  «Молодежный» мәдениет үйінде жастар арасында өткен «Қарағанды жұлдыздары» ән фестивалі.

Сурет ұйымдастырушылардікі

Фестивальдің мақсаты – қазақстандық патриотизмді қалыптастыру және нығайту, туған қалаға деген мақтаныш сезімі, көркемөнерпаздар шығармашылығын қолдау және дамыту, ұрпақтар сабақтастығы, дарынды авторларды, орындау­шыларды анықтау. Байқау шартына сай әр қатысушы «Соло», «Дуэт», «Трио», «Квинтет», «Квартет», «Вокалдық топтар» номинациялары бойынша туған жер, туған өлке, Қарағанды қаласы туралы әндер орындады. Фестиваль шымылдығын республикалық, облыстық байқаулар мен фестивальдердің лауреаты «Росинка»  үлгілі хореографиялық би ансамблі «Сүйікті қалам – Қарағанды» композициясымен ашты.

Ал, байқауға  «Алмагүл» бөбекжайдың, «Ақжарқын» балабақшасының тәрбиеленушілері, «Қарақат» студиясы мектебінің тәрбиеленушілері, №1 және №3 Балалар өнер мектебінің   оқушылары, №18, №25, №66 жалпы орта білім беретін мектептерінің оқушылары,   Қарағанды облысы білім басқармасы «Таңшолпан» Балаларды қолдау орталығының» тәрбиеленушілері қатысты.

Қала мерейтойына орайластыра ұйымдастырылған шара барысында  орындалған  әрбір ән  көрерменнің жүрегінің төрінен орын алды  десек, артық емес. Өнерсүйер қауым бұл күні тақырыптық әдемі ән әлеміне саяхаттағандай  болды.

 Фестивальдің ұйымдастырылып өткізілуіне атсалысқан мекемелерге үлкен алғыс білдіріп, қалалық Қоғамдық кеңес төрағасы, кәсіпкер, сарапшы, Қарағанды ​​қаласы Паралимпиада дзюдо федерация­сының президенті, Қарағанды ​​қалалық мәслихатының депутаты Равиль Садыков  құттықтау сөз сөйлеп, әлемге аты шығып, дараланған фестиваль қатысушылардың жетекшілеріне салтанатты түрде Алғыс хаттар табыс етті.

Байқауға түскен жас өнерпаздар дипломдармен марапатталып, сонымен бірге «Шахтер даңқы» ескерткіші және Қарағанды қаласының 90 жылдық мерейтойлық логотипі бейнеленген шоколадтар сыйға тартылды.

Жан АМАНТАЙ,
Ortalyq.кz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button