Руханият

Шаһар мерейін асырған кеш

Кенді қаланың көне тарихы туралы небір дерекке толы әңгімелер, тарихи фактілер бұл күнде мұражай мұрағатында сақтаулы. Онда сонау алғашқы көмір бассейнінің салынуы және жұмысшы топтың келуімен қала болуға аяқ басқаны бар. Биыл Қарағандының қала мәртебесін алғанына 90 жыл. Айтулы күнге орай, Әлихан Бөкейхан ауданындағы Жаңа Майқұдық мәдениет үйінде «Асыл мекенім – Қарағанды» атты мерекелік концерт өтті.

Сурет ұйымдастырушылардікі

Мәдениет үйінің көркемөнерпаздар ұжымы қаламызға арналған туған жер, Отан тақырыбында да әндер  шырқады. Патриоттық әндер легі қала халқын ерекше тебіреніске бөледі.

– Әрине, жер кіндігі атанған Қарағанды – ірі қала. Бұл – еліміздің орталығы. Өздеріңізге мәлім шаһар қара алтынымен танымал. Сондықтан, кеште шырқалған әндер ел мен жерге арналды. Әндерді қаламыздың таңдаулы өнерпаздары шырқады. Жалпы, бұл кештің мақсаты – өндірісі өркендеп, қара алтын қазынасы халқының қажетіне жараған алып шаһар Қарағандының 90 жылдық мерейтойын атап өту. Сонымен қатар, қала тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлау, – дейді «Теміржолшылар» мәдениет сарайы директорының Жаңа Майқұдық мәдениет үйі бойынша орынбасары Амангелді Ахметжанов.

Сондай-ақ, кеште Гүлдана Макшонова «Қарағанды вальсі» әнін шырқаса, «Нұрби» үлгілі хореографиялық ансамблі бимен сахна әрін кіргізді. Сонымен қатар, «Шахтерлар» халықтық хоры, «Надежда» ардагерлер хоры және мәдениет үйінің көркемөнерпаздары – Ерден Марат, Медет Кәрім өнер көрсетті. Ал, Арайлым Жүкенова, «Content», «Қарқаралы», «Кәусар» тобы, «Кадар» би тобы  сынды беделді өнерпаздар қала туған күніне орай арнайы шақырылды. Олар құттықтауларын әуезді әндерімен және мың бұралған билерімен жеткізді.

Жан АМАНТАЙ,
Ortalyq.кz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button