Қарағанды

Жүлдегерлер анықталды

Жақында қалалық №1 гимназияда жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының арасында республикалық «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасының қалалық кезеңі өтті. Сайыста қаладағы 53 білім беру ұйымынан 175 оқушы бақтарын сынады. Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мақсатындағы байқау «Тілші-әдебиетшілер» (қазақ тіл білімі мен әдебиеті), «Жас ғалымдар» (ғылыми жоба), «Жазушылар» (жазбаша шығармашылық жұмыс), «Сөз шеберлері» (мәнерлеп оқу), «Әнші-бұлбұлдар» (ән айту) атты бағыттар бойынша өтті. Байқау нәтижесінде жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққандар жүлдегер атанып, қалалық білім бөлімінің грамоталарымен марапатталды.

«Сөз шеберлері» бағыты бойынша І орынды №15 ОМ оқушысы Анастасия Богданова иеленсе, «Әнші бұлбұлдар» бағыты бойынша І орынға Елена Допира, «Жас ғалымдар» бағыты бойынша І орынға №81 ОМ оқушысы Даниил Евтодьев лайық деп танылды. «Тілші-әдебиетшілер» бағыты бойынша І орынды №9 гимназияның 9 сынып оқушысы Дмитрий Реваев жеңіп алды. «Жазушылар бағыты бойынша І орынды №101 МЛ оқушысы Джейсан Ким иеленді.

К. БҮРКІТБАЕВА,

№ 33 мектеп-балабақша кешенінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button