ҚаражалСайлау – 2021
Жәйрем тұрғындары жарап тұр
Жәйрем кентінде де сайлау сәтті өтуде. Сағат 12:00 бойынша 151 тұрғын өз үміткерлеріне дауыс беріпті.
— Иә, тұңғыш рет елімізде халық өздері ауыл, кент әкімдерін сайлауда. Саяси науқанның берер жемісі көп деп ойлаймыз. Бұдан халықтың да үміті зор. Дауыс беруге учаскеге ағылып жатыр, — дейді 251 сайлау учаскесінің комиссия төрағасы Ақмарал Иманбекова.
Кент тұрғыны Е.Шайхин: «менің дауысым маңызды екенін біліп келдім. Бұл қадамымды азаматтық борышым және Жәйремнің болашағына қосқан үлесі деп білемін» дейді.
Қасымхан ҒАЛЫМ.