Абай

Жәбірленуші жалғыздық көрмейді

Әр адам емін-еркін өмір сүруге, қалаған жұмысымен айналысып, өніп-өсуге құқылы. Қазіргі таңда қоғамда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың өршіп тұрғаны өтірік емес. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Абай қаласында отбасын қолдау орталығы ашылды.

Орталық басшысы Оксана Панасиди

Еліміздегі өте өзекті мәселенің бірі – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында, оны жоюдың, болдырмаудың жолын табу үшін мемлекет үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, түрлі шараларды қолға алуда. Осы бағыттағы оң бастаманың бірі деп Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің тапсырысы бойынша хакім атын иеленген қалада ашылған орталықты айтуға болады.

Мұнда зорлық-зомбылыққа ұшыраған әртүрлі жастағы тұрғындарға жағдайы қалпына келгенге дейін пана болады.

Гендерлік зорлық-зомбылық ерлер мен әйелдер арасындағы теңсіздікті күшейтеді, құрбандарының денсаулығын, қадір-қасиетін, қауіпсіздігі мен тәуелсіздігін бұзады. Ол адам құқықтарының бұзылуының кең спектрін қамтиды.

Қоғамда орын алған зорлық-зомбылықты жою үшін оның алдын алу шаралары, ақпараттық-түсіндіру жұмысы және зорлық-зомбылық профилактикасының барлық субъектілері, яғни, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың ведомствоаралық өзара іс-қимылы қажет. Сондай-ақ, әрқайсымыз мұндай жағдайды көрсек, немқұрайлылық танытпай, қол ұшын беруіміз керек. Отбасын қолдау орталығы Абай көшесі, 53 үй, 1 пәтер мекенжайы бойынша орналасқан.

Жәлел ШАЛҚАР.

АБАЙ ауданы.

Басқа материалдар

Back to top button