Шет

Өзгеру – заман талабы

    Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ осы жолғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында «орта білім беру саласында жаңартылған мазмұнға көшу басталды, ол 2021 жылы аяқталатын болады» деп қадап айтты.   

Біздің елімізде орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнына елеулі өзгерістер жүзеге аса бастағалы біраз болды. Жаңа бағдарламалар бойынша биылғы жылы мектебімізде 1, 2, 5, 7 сыныптар оқытылып жатыр және де сөздік қорымызға заман талабына сай қашықтықтан оқыту, бағалау, жиынтық бағалау, модерация сияқты терминдер еніп те үлгерді. Бұл ұғымдар алғашқыда жаңартылған білім мазмұны бойынша ұйымдастырылған курстарға бармаған ұстаздар үшін қиын да, түсініксіз болды. Алайда, ондай қиындықтарды мектебіміздің тәжірибелі мұғалімдері ұйымдастырған коучинг, тренинг тағы басқа іс-шараларының арқасында жеңе білдік. Арнайы курстарда біліктілігін арттырып келген ұстаздар өткізетін коучинг, тренингтердің пайдасы өте зор. Онда мұғалімдеріміз жаңартылған білім мазмұны төңірегінде білмегендерін толықтырып, өзара тәжірибе алмасады.

Білім беру жүйесіндегі өзгерістерді біз терең түсініп, өзіміз де соған бейімделіп, сабақты жоспарлау мен өткізуге деген қарым-қатынасымызды жаңаша бағытта қалыптастырып келеміз. Бағдарлама негізінде оқушыны тыңдауда, пікірін құрметтеуде және олармен еркін қарым-қатынасқа түсу негізінде шәкірттердің өзіне деген сенімін нығайтып, ойын ашық жеткізе білуіне қол жеткізгеніміз – соның дәлелі. Аталған бағдарламалар А.Эйнштейннің мына сөзімен қабысады екен: «Мен шәкірттерімді ешқашан үйретпеймін, олардың үйренуіне тиімді жағдай жасаймын» деген данышпанның сөзі Елбасының Жолдауларымен қабысып жатқаны – қайран қалдырмай қоймайды.

 

 Арайлым ҚҰДАБАЕВА,

Сәкен ЖОББ мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі.

ШЕТ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button