Қарқаралы

Өзен өрісі кеңеюде

Тазалық – денсаулық кепілі. Қоршаған ортаны, табиғатымызды қорғау әрі оны таза сақтау – біздің басты мақсатымыз.

Тамаша табиғаттың ортасында орналасқан Қарқаралы қаласының тазалығына әрбір тұрғынның алаңдайтыны сөзсіз. Осы орайда, жылдағы жақсы дәстүр бойынша «Таза өзен» акциясының аясында қала ішімен 4,5 шақырым ұзындықта ағып жатқан Қарқаралы өзені тазартылды. Аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен шараға  бұл жолы да қала жастары мен мекеме кәсіпорын қызметкерлері ұйымшылдықпен атсалысты.

Акцияға жүзге жуық адам, екі техника қатысты. Өзен бойынан 2 тоннаға жуық қоқыс және тұрмыстық қалдықтар шығарылды. Өзен жағалай, шамамен, 132 нысан орналасқан. Мамандардың айтуынша, осы нысандардың 79 пайызы өзен бойына күл-қоқыс төгеді. Тазалық жұмыстарының нәтижесінде өзен маңайы қалпына келтірілді.

Сағыныш ӘБІЛОВА

ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button