Өзекті мәселелер — күн тәртібінде

Сейсенбі күні облыстық мәслихаттың кезекті ХХХIV сессиясы өтті. Сессияда 2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет қаралып, өңірдің келешек дамуына қатысты өзге де мәселелер талқыланды. Отырыс тізгінін облыстық мәслихат депутаты Жақан Мұхамеджанов ұстап, облыс әкімі Жеңіс Қасымбек, облыстық мәслихат хатшысы Серік Өтешов, құқық қорғау органдарының, басқармалар мен департаменттердің басшылары, облыстық қоғамдық кеңестің мүшелері және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

Жоғарыда айтып өткеніміздей, сессияда 2020- 2022 жылдарға арналған облыстық бюджет нақтыланды. Сондай-ақ, 2020- 2022 жылдарға арналған облыстық бюджет пен аудандар-қалалар бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттер көлемі, облыстағы жолаушылар тасымалының жағдайы және даму келешегі, Қарағанды қаласының 2050 жылға дейінгі Даму стратегиясы мен Балқаш қаласының бас жоспарын бекіту, облыс әкімдігінің дербес құрамындағы өзгерістер, «Қарағанды облысының Құрметті азаматы» атағын беру және тағы да басқа бірнеше мәселе депутаттар талқысына түсті.

Облыстық мәслихаттың биылғы жылы атқарған жұмыстары есебі тыңдалып, мәслихаттың келесі жылға жұмыс жоспары құрылды. Және келесі сессияның күн тәртібіне шығарылатын мәселелер айқындалды.

Сессиядан кеңейтілген есепті газетіміздің келесі санында назарларыңызға ұсынамыз.

Өз тілшімізден.