ЖаңалықтарЖезқазған

«Зейнеткерлер аллеясы» ашылды

   Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай Жезді кентінде жарқын істер бастау алды. Кенттің Мәдени-сауық орталығының ұйымдастыруымен жазғы саябақта «Зейнеткерлер аллеясы» ашылып, мәдени және спорттық шаралар өтті. «Зейнеткерлер аллеясын» ашу салтанатына қатысқан кент әкімі Б.Нұрбалаев пен ауыл ақсақалы Қ.Төлеубаев игі шараның маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, осы күні аллеяда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына «25 жылға – 25 ағаш» акциясы аясында 20 зейнеткер мен Тәуелсіздіктің 5 құрдасы өз есімдері жазылған жеміс ағаштарын отырғызды. Бұдан кейін концеттік бағдарламаға ұласқан игі шараның соңында қариялар арасында шахмат, дойбы, доминодан жарыстар ұйымдастырылды. Жеңімпаздарға мәдени-сауық орталығы атынан сыйлықтар табысталды.

Г.Женсікбаева,

Жезді кенті Мәдени-сауық орталығының қызметкері.

ҰЛЫТАУ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button