Жаңалықтар

Заң жобасы түсіндірілді

   ҚР «Адвокаттық қызмет пен заңдық көмек туралы» Заң қабылданған жағдайда мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуына тұрғындардың мүмкіншіліктері мол. Бұл туралы облыстық әділет департаментінің басшысы Асхат ЖҮСІПОВ аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

–Заң жобасының тұжырымдамасында құқық қорғау және сот жүйелерін, сондай-ақ, құқық қорғау институттарын дамытудың негізгі бағыттары қамтылған. Сонымен қатар, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға байланысты мамандандырылған институттарды жетілдіру көзделіп отыр. Осыған орай, азаматтардың білікті заң көмегін алуға конституциялық құқығын жүзеге асыру механизмдерін жетілдіру қажеттілігіне баса назар аударылған. Біркелкі адвокаттық қызметпен қамтамасыз етілмеген қалалық және ауылдық жерлердің мәселелерін бірізді шешу жолға қойылған. Білікті заң көмегін ұсынуды қамтамасыз ететін тағы бір институт – нотариат екендігі анық. Мұның да түйіні шешілері сөзсіз. Заң қызметтерінің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік бар. Адвокатура институтын нығайту, оның ішінде, адвокаттарға қойылатын талаптарды арттыруға күш салынуда. Айта кетейік, республика бойынша, 4683  адвокат бар екен. Оның 554-і Қарағанды облысында қызмет көрсетеді. Бұл ретте, адвокаттардың кәсіби қызметінің жауапкершілігін сақтандыруды енгізу мүмкіндігін қарастыру қажеттігі жоғары болып отыр, – деді Асхат Жүсіпов.

Нұрдос КӘРІМ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button