Жаңалықтар

Заңды тұлғалардың үлесі артқан

     Биылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, облыста тіркелген заңды тұлғалар саны 27021-ді құрады. Өткен жылмен салыстырғанда, олардың үлесі 5,1%-ға артқан. Осындай көрсеткішпен аймағымыз ел өңірлері арасында төртінші орынға тұрақтаған.

     Негізінен, заңды тұлғалардың шамамен 81,2%-ы – жауапкершілігі шектеулі, қосымша серіктестік, толық және коммандитті серіктестік ретінде тіркелген.

     Олардың басым көпшілігі (67,3%) Қарағанды қаласына тиесілі. Теміртауда – 10,2%, Жезқазғанда – 6,1%, Балқашта – 2,6%.

Заңды тұлғалардың қатарында шағын кәсіпорындардың қарасы қалың екен. Үлесі – 97,5%.

     Ал, 1,8%-ы орта және 0,7%-ы ірі кәсіпорындар болып саналады.

      Басқа экономикалық қызмет түрлері бойынша тіркелген кәсіпорындар мен ұйымдар саны 0,5%-дан 3,3%-ға дейін ауытқиды.

      Ресми деректерді ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті ұсынып отыр.

Қуаныш АМАНҚҰЛОВ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button