Қарағанды

Заңғар тұлғадан ғибрат

    Мамандандырылған «Мұрагер» мектеп-интернатының кітапханасында қазақтың ұлы жазушысы, ірі қоғам қайраткері Мұхтар Омарханұлы ӘУЕЗОВТІҢ туғанына 120 жыл толу құрметіне арналған «Ақиқат пен шындық – сөз жебесі» атты әдеби кеш өткізілді.

Әдеби іс-шара барысында біз жазушының өмірі мен шығармашылығына бейнебаян арқылы тоқталдық. Әдебиеттің даму жолында өзінің ерекше қырларымен өшпес із қалдырған дарынды тұлғаның бірі – Мұхтар Әуезов. Оның туындылары ғасырдан-ғасырға жетіп, қазіргі таңда өз өміршеңдігін жойған емес.

1928 жылғы «Өз жайымнан мағлұмат» атты өмірбаянында жазушы: «Қазақ жазушыларынан, әрине, Абайды сүйемін. Менің бала күнімнен ішкен асым, алған нәрімнің барлығы да Абайдан. Таза әдебиет сарынына бой ұрғанда маған Абай деген сөз қазақ деген сөзбен теңбе-тең түскендей кездері бар сияқты. Абайды сүюім үнемі ақылдан туған, сыннан туған, сүйіс емес, кейде туған орта, кір жуып, кіндік кескен жерді сүюмен барабар болатыны бар», – деп жазды. Осы сөздердің өзінен-ақ жазушының бүкіл шығармашылығына, жан-дүниесіне Абай туындыларының әсер-ықпалы, үлгі-өнегесі айрықша көрінеді.

Іс-шара ұлы Абайдың қара сөздерімен және терең мәнді де мағынаға толы өлеңдерімен өрбіді. 8-сынып оқушылары – Мөлдір Төкен «Не іздейсің көңілім, не іздейсің?», Аружан Химелден «Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?», Қуаныш Қайырбек «Сұм дүние», 6-сынып оқушылары – Мерей Сарина «Әсемпаз болма әрнеге», Гүлнұр Жахина «Күз», Наргиз Дәулетбекова «Қыс суреттері» атты өлеңдерін және Сабина Ағдарбек 24 қара сөзін жатқа оқыды.

Кеш соңында оқушылар өзара пікір алмасып, әдеби шарада түйген ойларын ортаға салды. Заңғар тұлғаның ғибратты ғұмыры туралы білген жаңалықтарымен бөлісті.

Сабина ҚАПАШОВА,

Жаннұр ДӘРІБАЕВА,

«Мұрагер» мектеп-интернатының 10-сынып оқушылары.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button