Қарағанды

Қызықты демалыс күндері

     №81 орта мектебінің өзін-өзі тану пәні мұғалімдері жаңа технологияны пайдалана отырып, тілі жетік, сөйлеу мәдениеті дамыған, адами құндылықтар туралы сауаттылықтарын іс жүзінде көрсете алатын шығармашыл тұлға қалыптастыруды қолға алды. Осы орайда «Өзіңді танығаның – ұлтыңды танығаның» тақырыбында қызықты каникул күндері өтіп жатыр.

Каникулдың әрбір күнінде әр сыныптан 5 баладан шақырып, 20-25 оқушымен қызықты тәрбиелік іс-шаралар өткізілуде. Өзін-өзі тану мұғалімдері Г.Сәрсембаева «Сыйластық құндылығы» дөңгелек үстелін, М.Қызырова «Жүрек жылуы» достасу сағатын, Ш.Қыпшақбаева «Өзіңмен өзің шынайы үндестікте болу» сырласу сағатын Б.Төлеуханова «Жүрек жылуы – жан жұбанышы, көңіл қуанышы» мейірімділік сағатын, Р.Әбілдина «Мейірімділікке ашық жүрек» ата-аналарға ашық есік күнін өткізді. Ал, Қ.Мақсұтова «Өзін-өзі тану» пәнінен үйренгенім» айдарында жиналған оқушылардан сауалнама алды.

Жалпы, мектепте «Рухани адамгершілік – ішкі білім, жүрекке арналған білім, үйлесімділік» тақырыбымен күнделікті өзара сабаққа қатысу шаралары арқылы өзін-өзі тану пәні — барлық пәнге бұлақ ашудың негізгі бастамасы болатынына көзіміз жетті. Осындай алқалы жұмыстардың нәтижесінен кейін адамгершіліктің ұлттық рухани байлықтары, ұлттық адами құнды қасиеттерді бала бойына сіңіру өзінен-өзі қалыптасатыны сөзсіз. Өйткені, өзіңнің жеке қасиетіңді бағалай алған кезде ғана ұлттық дүние танымың дұрыс қалыптаспақ.

Ал, бүгінгі күннің негізгі талаптардың бірі – оқушыны әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, ұлтымыздың ұлықты өнегелерін дәріптей білетін, шығармашылық танымымен тікелей қатынас жасайтын жаңаша, шығармашыл адамға айналдыру.

М.ҚЫЗЫРОВА,

№81 орта мектебінің өзін-өзі тану мұғалімі.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы

Басқа материалдар

Back to top button