Қыс

Қыс мезгілі келгенде жапалақтап қар көп жауады. Күн суық болады. Балалар жылы киініп далаға шығады. Шана, шаңғы коньки теуіп, аққала жасаймыз. Қыста жұмыс көп болады. Қардан ақшақар, аққала  жасаймыз. Малды жайғау, суару, оған шөп салу керек. Біздің сиырлар қыста көп бұзаулайды. Бұзаулар өте әдемі болады.

Қыс мезгілдерінде көптеген құстар жылы жаққа ұшып кетеді, ол кейбір қарға, торғай, бүркіт, сауысқан сияқты құстар қыстап қалады. Кейбір ағаштар мен бұталарда қураған жапырақтар, жемістер сақталып қалады. Қыстап қалған құстар соны азық етеді. Құстарға ұя жасап, нан қиқымын шашып қамқорлық көрсету керек.

Қыс мезгілі өте көңілді өтеді. Маған ол сонысымен ерекше ұнайды.

 

Ирина СМИРНОВА,

Ынтымақ жалпы орта білім беретін

мектебінің 5-сынып оқушысы.

ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.