АймақСпорт

Қысқы спартакиадалардың қорытындысы шығарылды

Қарағандылық спортшылар «Ақ қыс» облыстық қысқы спартакиадасының жеңімпазы атанды. Абай ауданының өкілдері «Қарлы қыс» ауылдық спорттық спартакиадасының алтын медалін жеңіп алды. Облыс орталығында дәстүрлі қысқы жарыстардың қорытындысы шығарылды.

Жарысқа облыстың барлық қалалары мен ауылдық жерлерінен 400-ге жуық адам қатысты. Спортшылар қысқы президенттік көпсайыста, шаңғы жарысында (эстафета), шайбалы хоккейде және конькимен сырғанауда бақ сынасты.

Облыстық ауылдық спартакиада қорытындысы бойынша Абай ауданының спортшылары алтын медальға қол жеткізді, ал екінші орында Нұра ауданы, үшінші орында Осакаров ауданы.

 

Тамаша ойынды Нұра ауданының хоккей командасы көрсете білді.

– Біз ерекшелендік, хоккейден аудандар арасында бірінші орынды иелендік. Бұл нәтижеге қол жеткізуге тұрақты жаттығулар көмектесті. Біздің ауданда жақсы жабық спорт корты салынды. Жазда футболмен, қыста хоккеймен айналыса аламыз. Жаттығуға жастардың келетіні керемет. Кіші жас санатындағы оқушылар қуана айналысатын секциялар ашылды, – дейді Нұра ауданының хоккей командасының капитаны Шалғымбай Баспақов.

Қалалар арасындағы қысқы спартакиадада Қарағандылық команда үздік атанды. Екінші және үшінші орындарда Теміртау мен Шахтинск.

– Біз әрбір спартакиада сайын бірінші орынға бет аламыз. Әрдайым оған қол жеткізе алмайтынымыз өкінішті. Біресе спортшылардың денсаулығы сыр берсе, тағы бірде олар толқуды жеңе алмай қалады. Біздің ең үлкен қатысушымыз 65 жаста. Бұл Виктор Лигай, ол жақсы физикалық формада. Командамыздың құрамы өзгеруде, бірақ біз жастарды қабылдауға тырысамыз, – дейді Теміртау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Владимир Корягин.

Жарыс соңында жеңімпаздар грамоталармен және медальдармен марапатталды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button