Қарағанды

Ырыс пен береке бастауы

     №54 орта мектепте Наурыз мерекесі айрықша сән-салтанатымен аталып өтті. «Қош келдің, әз Наурыз» атты үлкен мерекелік шараға ата-аналар мектеп ұстаздары тәрбиелік мәні болды деп баға берді.

Мейрамды тойлауға келген бастауыш сынып оқушыларынан бастап, әр бала қазақтың ұлттық киімінде келіп, өз өнерлерін ортаға салды. Мерекені мектеп басшысының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Зәуре Усманқызы құттықтау сөзімен ашты.

Құрметті оқушылар, ата-аналар, ұстаздар! Сіздерді көктем мерекесі, жаңару мерекесі – әз Наурызбен құттықтаймын. Наурыз тойлау дәстүрі дүние жүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс салтында ерекше орын алады. Бұл – бірліктің, татулықтың, ізгіліктің, бақыттың мерекесі. Өскелең ұрпақ үшін Наурыздың айырықша тәлім-тәрбиесі, үлгі-өнегесі бар, – деді ол өз сөзінде.

Мектеп ауласында үлкен-кіші көп жиылды. Ұлыстың ұлы күнін мектеппен бірге тойлауға жиналған ата-аналардың да көңіл-күйлері көтемдей жадырап, думанды қыздыра түсті. Арнайы ұйымдастырылған спорттық шаралар да қызығушылық туғызды. Ауланың бір шетінде сыныптар арасында жарыстар өткізілді. Мектеп оқушылары арқан тарту, қол күресі және асық ойыны бойынша бақтарын сынаса, кішкентай балдырғандар әткеншекке жарыса мініп жатты. Аталмыш оқу ордасының басшысы Әсем Сыздықова атаулы мерекеге тыңғылықты дайындық жүргізіп, ұлттық болмысымызды дұрыс жеткізуге қатты көңіл бөлгендерін айтты. Ия, шынымен Наурыз мерекесі жоғары деңгейде тойланды. Білім ошағы өзге мекемелерге үлгі болатындай шара ұйымдастырды. Мұны көңілді тарқасқан көпшілік қауымның көтеріңкі көңіл-күйінен де ұғындық.

Гүлнара ОСПАНОВА,

54 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button