Жаңалықтар

Ынтымақтастық жайын талқылады

    «Егемен Қазақстан» реcпубликалық газеті» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Дархан ҚЫДЫРӘЛІ Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде болды. Еліміздегі бас басылымның басшысы университет ректоры, академик Арыстан ҒАЗАЛИЕВПЕН, оқу орнының профессор-оқытушылар құрамымен, студенттерімен кездесіп, газет пен университет арасындағы ынтымақтастық жайын талқылады.

Арыстан Мәуленұлы оқу орнындағы Ғылыми кеңестің шешімімен Дархан Қыдырәліге «ҚарМТУ-дың Құрметті профессоры» атағы берілгенін хабарлап, марапат иесіне құттықтау лебізін жеткізді.

Дархан Қуандықұлы кездесу барысында газет тарихы мен оның бүгінгі атқарып отырған келелі істері, Тәуелсіздігімізді тұғырлы етудің, елдігімізге, ұлтымыздың болашағына қатысты басылым көтеріп отырған ауқымды мәселелер туралы әңгімеледі.

«Егемен Қазақстан» – елдің газеті, жасампаздық жылнамашысы. Еліміз бен халқымыздың сан қырлы тарихын үзбей жазып, шынайы шежіресін қалыптастыруға зор үлес қосып келе жатқан ұлттық баспасөз құралының орны қашанда бөлек. Ел газеті Тәуелсіздіктің торқалы тойына тарту іспетті жаңарған дизайнмен басылып, оқырманға жол тартып отыр.

Газеттің басты қазынасы – оқырманы. Бізге газет таралымының емес, оқырмандарының көбейгені маңызды, – деді газет басшысы.

Басылым басшысымен кездесуге қатысқан қарағандылық зиялы қауым өкілдері «Егемен Қазақстан» жайлы жылы лебіздерін білдіріп, көпшілікті ел газетін қолдауға шақыр­ды. Университет ұстаздары мен студенттері ақпарат құралының басшысына сауалдарын қойып, пікір алмасты.

Сондай-ақ, қонақтар техникалық білімнің қарашаңырағындағы заман талабына сай жетістіктермен, мұражай жәдігерлерімен танысты.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button