Жаңалықтар

Ынтымақтастықтың ұтымды тұстары көп

   Қарағанды облысы әкімі Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВ «Veolia Asia” компаниясының президенті Режис Кальмельспен меморандумға қол қойды.

Айтулы меморандум табиғи ресурстарды реттеуге, халықтың қауіпсіз және қолайлы өмір сүруінің негізі ретінде оң нәтижесін бермекші.

Бір айта кетері «Veolia Asia” компаниясы су тазарту, суды дайындау, қалдықтарды өңдеу, энергия үнемдеу сияқты қызмет ұсынуда әлемдік көшбасшы болып отыр.

Сонымен қатар, мемлекеттік мекемелер, жеке клиенттермен жұмыс жасауда ұтымды ұсыныстармен сапалы қызметі арқылы алға шыққан компанияның ықпалы зор. Алдағы уақытта құрылыс және модернизациялау іс-шаралары ұйымдастырылып, маңызды жобалар іске асырылмақшы.

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button