Жаңалықтар

Қымбатты облыс тұрғындары!

         Сіздерді шуақты мереке – Мұғалім күнімен құттықтаймыз!
        Әрбір адам осынау қадірі артық мамандық иесінің алдын көрді. Бір кездері өзіміз мектепке барсақ, қазір балаларымызды, немерелерімізді білім ошақтарына қарай жетелеп жүрміз. Ұстаздан – ұлағат, тәлім-тәрбие алсын деп. Әрқайсымыз үшін ұстаз – бұл ақыл-парасаттың бұлағы, алдағы өмірдің іргетасын қалайтын адам.
Көптеген жылдар бойы сапалы білімнің жемісін татырған қарағандылық ұстаздардың еңбегін ерекше атап өту керек. Қазіргі күні облыстың білім беру мекемелерінде 30 мыңнан астам педагог қызметкер еңбек етіп жүр. Бұл – үлкен жүректі, ісіне берік, дарынды тұлғалардың екпінді толқыны. Қарағандылық педагогтар білім беру ісіндегі жаңашылдықтарды, инновациялық жобаларды іске қосып, жаңа жобаларды қолға алды. Шәкіртіне шынайы қамқорлық танытатын ұстаздар биік белестерден көрініп келеді.
Мұғалімдер мен ата-аналардың көпжылдық еңбегінің нәтижесінде, Қарағанды облысы мектептерінің түлектері биылғы жылы да Ұлттық бірыңғай тестілеуде жоғары көрсеткіштер көрсетті. Біздің ұл-қыздар елдің және әлемнің үздік жоғары оқу орындарында өңірімізді жарқын қырынан танытып жүр. Сол үшін де қадірлі мұғалімдерге алғысымыз шексіз.
Білім беру саласын дамыту үшін мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалуда. Қазіргі күні Қарағанды облысы республиканың инновациялық жобалар бойынша орталығы болып табылады. Мұнда электронды мектеп, роботты техника, үштілді және инклюзивті білім беру жобалары жүзеге сәтті асырылуда. Сондай-ақ, дуальді білім беру жүйесін дамыту да жалғасын тапты.
Қадірлі мұғалімдер!
Шығармашылық еңбектеріңіз, балаға деген шынайы сүйіспен­шіліктеріңіз үшін алғыс айтамыз. Осынау қадірлі мамандыққа деген сый арта береріне сенімдіміз. Қарағандылық бірнеше толқынға тәлім мен тәрбие берген педагогикалық еңбектің ардагерлеріне де шексіз ризашылығымызды білдіреміз.
Сіздерге сәттілік серік болсын. Өмір жолдарыңыз шәкіртте­ріңіз тарапынан сезілетін сүйіспеншілік пен алғысқа толсын. Сіздерге зор денсаулық, амандық, бақыт тілейміз. Білімге құштар, адамгершілігі жоғары шәкірттеріңіз көп болсын!

Н.ӘБДІБЕКОВ,
Қарағанды облысының әкімі.
Р.ӘБДІКЕРОВ,
облыстық мәслихаттың хатшысы. 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button