Жаңалықтар

Құқық бұзушылыққа жол жоқ

Былтырдан бері Қарағанды гарнизоны Әскери полиция бөлімінің жеке құрамы гарнизондағы құқықтық тәртіп пен әскери тәртіпті сақтау мақсатында Қарағанды қаласының ІІБ патрульдік полиция қызметкерлерімен бірлесе жұмыс жүргізуде.

 

Жұмыс барысында ҚР Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 25 шілдедегі «ҚР Қарулы Күштерінің Әскери полиция органдарының патрульдік күзет қызметінің ұйымдастару» туралы 2019-2021 жылдарға арналған әскери қалашықтар мен әскери қызметшілердің ықшамды тұрғылықты жерлерінде құқықбұзушылықтарды болдырмау, қоғамдық қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті сақтау бойынша бірлескен іс-шараларды қамтамасыз ету бойынша ҚР Қарулы Күштерінің Әскери полициясы мен ҚР Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция бөлімдері арасында ынтымақтастықты ұйымдастыру туралы бірлескен жоспары басшылыққа алынып отыр. Сонымен қатар, «Армияда қылмысқа орын жоқ» бағдарламасының негізгі бағыттары негізінде тәртіп сақшылары әскери қалашықтар мен әскери қызметшілердің тұрғылықты жерлерінде құқықбұзушылықтарды болдырмау, қоғамдық қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті сақтау, теріс қылықтың жолын кесу, алдын алу бойынша шаралар атқарылуда.

Аталған мақсатта Қарағанды қалалық жол-патрульдік полиция мен Қарағанды гарнизоны Әскери полиция бөлімінің өкілдерімен кездесулер өткізіліп, нұсқаулықтар таратылады.

Былтырғы жылдың желтоқсан айынан бастап күнделікті рейдтік іс-шаралар өткізіліп, әскери қызметшілер арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтарды алдын алу жұмыстары қолға алынды. Әкімшілік құқықбұзушылық заңнамасының талаптары туралы түсіндіріліп, әскери қызметшілер арасында тәртіпсіздік пен ұсақ құқықбұзушылықтарға «нөлдік төзімділік» қағидатын қалыптастыру, әскери қызметшілердің құқықтық танымы мен құқықтық мәдениетін көтеру жөнінде профилактикалық іс-шаралар тұрақты түрде жалғасатын болады.

Ж.МОЛДАХАНОВ.

Басқа материалдар

Back to top button