Спорт

Виктор Егоров: «Саркисян қазақстандық семсерлесу шеберлері арасында көш бастап тұр»

Кеше Ханчжоуда өткен Азия ойындарында семсерлесуден Қазақстанның ерлер құрамасы қолаға қол жеткізгенін сүйіншілеген болатынбыз.


Семсерлесуден ерлер құрамасынағы ұлттық құраманың мүшесі Артем Саркисян Қарағандыдан кеткен 48 спортшының бірі.

Осыған орай, «Орталық Қазақстан» газеті интернет-редакциясының тілшісі Артем Саркисянның жеке жаттықтырушысы Виктор Егоровқа хабарласып, шәкіртінің жеңісі жайында аз-кем әңгімелескен еді…

– Бұл жалпы команданың жеңісі, соның ішінде Артемның да еңбегі орасан зор. Артем бұл жеңіс үшін маңызды рөл атқарды. Әрине, команда құрамындағы балалардың да еңбегін жоққа шығаруға болмайды. Бірақ Артем қазіргі таңда қазақстандық семсерлесу шеберлері арасында көш бастап тұр. Сондықтан ол команда үшін барлық жауапкершілікті өзіне жүктеп, абыроймен атқарып шықты.
Жігіттер өздерін көрсете білді. Өте тартысты кездесу болды. Корейлер өте күшті қарсылас. Сондықтан бұл өте лайықты еңбекпен келген қола медаль. Бұл біздің төккен тер мен еткен еңбектің нәтижесі деді, – деді ол бізге берген шағын сұхбатында.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button