Қусақ сайлауы мәреге жетті

Қусақ ауылдық огругінің халқы өз таңдауларын жасап, өздері қалаған үміткерге 92 пайыз дауыс беріп, сайлауда жоғары белсенділік танытты. 

Таңғы сағат 7.00-де басталған сайлау науқаны түске таман мәресіне жетті. 

Сөйтіп тұңғыш рет Қусақ ауылының тұрғындары өз әкімдерін өздері сайлап алу мүмкіндігіне қол жеткізді. Бұл дегеніміз еліміздің демократия қағидаттары мен құндылықтарына бет бұрды деген сөз.

Қусақ ауылдық округінде жалпы 252 адам сайлауға қатысады деп күтілген. Сайлау қортындысы бойынша соның 232 адамы сайлауға қатысып, дауыс беріп отыр. Тұңғыш өткізіліп отырған халықтың ауыл әкімдерін сайлау науқаны үшін бұл жақсы көрсеткіш.

Мүсіркеп СЕЙДАХМЕТ.