Коронавирус

Туристерді ПТР-тестілеу туроператорлар пакеттерінің құнына енгізілетін болады

Қазақстанда міндетті ПТР-тестілеу құнын демалушы азаматтар есебінен туроператорлар пакетінің құнына енгізу туралы шешім қабылданды.

Бұл шешім туристік операторлармен, «Атамекен» ҰКП-мен, Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиямен талқылау қорытындысы бойынша қабылданды.

Бүгінгі таңда шетелден келгендердің 80%-ы ПТР тестсіз оралады. Олардың 41% – ы Египеттен, 27% – ы Мальдивтен, 16% – ы БАӘ-мен және 8,3% – ы Түркиядан келген.

Айта кетейік, шетелден келген демалушылардың 80%-ында коронавирус инфекциясы анықталып отыр, оның ішінде: Египеттен – 96 адам, Түркиядан – 50, БАӘ – ден-51.

Басқа материалдар

Back to top button