Қарағанды

Туған жерді жырлаймын

     №95 мектеп-гимназиясында Октябрь аудандық кәсіподақ ұйымы білім беру қызметкерлерінің арасында байқау өтті.

Октябрь аудандық кәсіподақ ұйымының төрайымы М.Хасенова қазақстанда патриоттық тәрбиені дамытудағы ең басты мақсат – жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру екенін тілге тиек етті. Мерекелік шараға бірнеше білім беру ұйымдары қатысты. №34 жалпы білім беретін орта мектебі ұжымының хоры «Жасай бер, Қазақстан» әнін әуелетіп көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. «Шашу» би тобының орындауында «Көктемгі күн шуақ» биімен мың бұралған, қызғалдақтай құлпырған қыздар тамаша өнер көрсетті. «Мәңгілік сарын» ұлттық аспаптар оркестрінің орындауында «Жастар биі» күйі де көпшілікке ұнады. Мектептің өнерпаз ұстаздарының өнерін қазылар алқасы жоғары деп бағалап I орынмен марапаттады. Өнерпаздардың әні мен күйі, биі әдемі әсерге бөледі.

Г.ЖОЛДЫБЕКОВА,

34 орта мектеп мұғалімі.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button