Абай

Туған тілдің – тұғыры биік

   Ана тілі – анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған, жүректің терең сырларын, халықтың басынан кешкен дәуірлерін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, сақтап отыратын қазына. Тілді қастерлеу әрбір қазақстандықтың міндеті.

Өйткені, бүгінгі таңда мемлекеттік тілді өз дәрежесінде үйрету – тіл мамандарына үлкен міндеттер жүктеп отыр. Өзге ұлттардың мәдениетімен таныса жүріп, өзге ұлт өкілдеріне халқымның тілін, салт-дәстүрін, мәдениетін, әдебиетін үйрету мен үшін үлкен бақыт.

Орыс мектептерінде оқытылатын қазақ тілі сабақтарында оқушылар Абай атамыздың әндерін әуелетіп айтып, көрнекті жазушылардың шығармаларынан үзінділерді сахналайды. Ұстаздар әдістемеде оқушыларды қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында шығармашылыққа баулиды.

Өлеңдердегі жасырын ұйқастарды табу шеберліктерін арттыруды іс тәжірибемде жиі қолданып,  ұйқастарды құрастырады. Тілдер мерекесіне арналып жоспар құрылды. Мектепте ісшаралар, сайыстар, жарыстар, сынып сағаттары өткізілді. Мектеп оқушылары облыстық тілдер комитетінің «Тіл жанашыры», «Кемеңгер» шығармашылық жоба сайысы, «Ынтымағы жарасқан туған елім!» тақырыбындағы эссе байқауына қатысып, Алғыс хатқа ие болды. Аудандық «Ағылшын тілін оқытудың тиімді әдістері», «Казтест жүйесінің ерекшелігі және тест тапсырмаларын орындау жолдары» атты семинар өткізіліп, мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсетілді.

Ұстаз ретінде қазақ тіліне арнаған әр күнімде, қазақ тілін қастерлеген өзге ұлттың балаларына қазіргі таңда қазақ тілін білу, үйренудің қажеттілігі жайлы орасан зор жұмыстар жүргізіліп жатқандығын айтып отырамын. «Еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін, ана тіліміз – қазақ тілі мемлекеттік тіл болып бекітілді. Болашағымызды баянды етер қаруымыз тіліміз. Ана тілімізді құрметтейік!» – деп үнемі айтудан жалыққан емеспін.

 

Г. КАМЕЛХАН,

№1 ҚББМО қазақ тілі мен

әдебиеті пәні мұғалімі.

АБАЙ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button