Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі қарағандылықтармен кездеседі
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Елубайұлы Оразбек 27 маусымда сағат 10:00-де Қарағанды қаласының тұрғындарымен кездесу өткізеді және сағат 11:30-да министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтарды қабылдайды (мекен жайы: Қарағанды қаласы, Алалыкина көшесі, 12, «Terricon Valley» IT-хаб).
Жеке қабылдауға жазылу үшін және сауалдар мен ұсыныстар: (8-7212) 50-61-34, 25-06-77 (жұмыс уақыты) телефоны арқылы қабылданады.
Тұрғындармен кездесудің онлайн-көрсетілімі ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің YouTube әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетілетін болады.
Азаматтарды кездесуге белсенді қатысуға және ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне сауал жолдауға шақырамыз.
Министрліктің қызмет бағыттары: телекоммуникация және байланыс, «электрондық үкімет» және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, аэроғарыш өнеркәсібі, геодезия и картография, электрондық өнеркәсіп, цифрлық активтер индустриясы, ақпараттық қауіпсіздік, инновациялар.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА