Жаңалықтар

Мемлекеттік қызмет сапасын онлайнда бағалаңыз

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен “Цифрлық агент” (Digital agent) мобильді қосымшасы іске қосылды. Аталған мобильді қосымшаның ерекшелігі қызмет алушы көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын шынайы уақыт режимінде бағалай алады.

Ол үшін “Play Market” және “App Store” сервистік бағдарламалары арқылы мобильді қосымшаны жүктеп, орнатылғаннан кейін тіркеуден өту қажет. Содан кейін, бағалайтын қала мен мекемені таңдайды. Бағалау жолданғаннан кейін Агенттіктің тиісті аумақтық бөлімшелерінің жауапты тұлғалары өз құзіреті шегінде әрекет етеді.
Қазіргі уақытта азаматтардың халыққа қызмет көрсететін орталықтардың, қала және аудандық мемлекеттік кірістер басқармаларының, сондай-ақ, еңбек әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің департаменті тарапынан көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалауға мүмкіндігі бар. Яғни, әрбір азамат көрсетілген мемлекеттік қызмет бойынша кері байланыс жасай отырып, Агенттіктің көмегімен мәселесін шеше алады.

Өз тілшімізден

Басқа материалдар

Back to top button