Трамвай рельстері қашан жөнделеді?

Бала күнімізде Қарағандыдағы Майқұдықтың төменгі жағында трамвай жүретін. Қазір ол жоқ. Тіпті, болмағандай. Зым-зия! Жым-жылас!

Ал, Теміртаудағы трамвай жүретін рельстерді көрсең, кеудеңе өксік тығылады. Мына түрімен «Теміртау трамвайлары жүрісін тоқтата ма?» деген ой кернейді санаңды. Кейбір жерлері шаңғышы секіретін трамплинге ұқсап қалған. Байғұс трамвайлар қыбырлап әрең жүр. Жолға төселген рельстерін жөндеуден өткізіп, тарихымыздың бір бөлшегі іспетті трамвайды неге сақтап қалмасқа?..

Тарихи қала Теміртаудың сәні трамвайлар ғой…

Осы мәселені аталған қаланың әкімдігі назарға алса екен.

Теміртау қаласының тұрғындары.