Спорт

Толағайлар топ жарды

Жуырда Алматы қаласында пауэрлифтингтен өткен Азия чемпионатында балқаштық зілтеміршілер жүлдемен оралды. Бұл жарыста спортшылар арқаға штанга салып отырып-тұру, штанганы көлденең орындықта жатып көтеру мен штанга тарту тәрізді үш жаттығу бойынша күш сынады.

Жарыс барысында балқаштық зілтеміршілер Изабелла Исабекова, Аманжол Баубеков, Жеңіс Таубаев, Дмитрий Ким, Руслан Ултыкеев алтыннан алқа тақты. Тағы да бір жерлесіміз Асыл Оразбаев күміске қол жеткізді. Ал, Рустам Асилов, Владислав Подоляко, Антон Долганов қола жүлдені қоржынға салды. Сонымен қатар, зілтемірші Изабелла Исабекова пауэрлифтингтен халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанды. Ал, зілтемірші Дмитрий Ким спорт шебері нормативін орындаса, қалған екі спортшы Рустам Асилов пен Евгений Чернышев пауэрлифтингтен спорт шебері атағына үміткер болды.

– Шәкірттер чемпионатта сыналады. Бұл жолы жарысқа келген үш жүзге жуық спортшы 10 салмақ дәрежесі бойынша зілтемір көтерді. Бұл спорт түріне деген қызығушылық елімізде жыл санап артып келеді. Екі күнге созылған байрақты бәсекеде өте жақсы нәтиже көрсетті. Біздің балқаштық команда әлемдік турнирде жоғары деңгейде өнер көрсете алатынына сенімім мол, – дейді пауэрлифтингтен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, жаттықтырушы Алексей Ногай. 

Нұрдос КӘРІМ,
БАЛҚАШ
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button