Қарағанды

Тілсіз жаудан қауіп көп

    Өрт сөндіру – өрттің әрі қарай үдеуіне қарсы қолданылатын әрекет, өрт тудыратын жағдайларды жою мақсатында бүгінде алдын алу шаралары атқарылып келеді. Десек те, өткен жылы Қарағанды қаласы бойынша 675 өрт тіркеліп, өрттен 14 адам ажал құшып, 27 тұлғаның жарақат алу оқиғалары орын алды.

2017 жылы болған өрттерге жүргізілген оперативтік талдауға сәйкес, Қарағанды қаласы аймағында өрттен адам өлімінің және жарақат алулардың басым бөлігі Қазыбек би атындағы аудан тұрғын үйлерінде тіркелді. Өрттің орын алу себептері өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау салдарынан болды. Атап айтқанда, отты пайдаланғанда абайсыздық таныту, төсекте (мас күйінде) шылым шегу, электрқұрылғыларын пайдалану және орнату ережелерін сақтамау, (жасанды) жылытқыш электр құралдарын қолдану, пештерді және пеш құрылғыларын қолдану ережелеріне бейжай қарау себебінен өрт оқиғалары қайталанған.Өртті болдырмау мақсатында өрт қауіпсіздігі ережелеріне немқұрайлы қарамауымыз қажет. Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауда мұқияттылық – өрттің алдын алудың ең басты қағидасы екенін естен шығармаған абзал.

Қарағанды қаласының ТЖ басқармасының баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button