Қарағанды

Тіл – өлшеусіз қазына

Соңғы үш жылдан бері мектебімізде қазақ, орыс және ағылшын тілдері пәндерін біріктіріп, бір кафедрада он үш мұғалім қызмет етуде. Жалпы алғанда үш тілдің пән мұғалімдерінің көздеген мақсаты бір, яғни оқушылардың үш тілді меңгеруіне ықпал ету.

Биылғы оқу жылының ерекшелігі мектебімізде дәстүрге айналып кеткен пәндер онкүндігінде үш тіл үшін алғашқы рет бірге өткізілді. Осыған орай пән мұғалімдері түрлі заманауи форматта ашық сабақтарын көрсету арқылы тәжірибе бөлісті, сонымен қатар, сабақтан тыс уақыттарды 5-10 сыныптар оқушыларына арналған көптеген қызықты да, танымдық іс-шаралар ұйымдастырылды. Қазақ тілі пәні бойынша салт-дәстүрді дәріптейтін рухани бай, патриотизмге баулу шаралары жүргізілді. Орыс тілі пәні бойынша атақты орыс жазушысы А.Пушкиннің туындыларымен таныстырып, түрлі шығармашылық ойындар мен кештер өткізілді. Ал, ағылшын тілі пәні бойынша қызықты танымдық ойындар, жарыстар ұйымдастырылды. Өткізілген әр шараның оқушылардың қосымша ақпараттар алуына пайдасы зор болды.

Төлеубике БАЙЖІГІТОВА,

Н.Нұрмақов атындағы мектеп-интернаты

тілдер кафедрасының жетекшісі.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button