Бас тақырыпКөкейкесті

«ТikТok» түбімізге жетпесін

Баланы телефон тәрбиелеп жатқан заманда бір мезгіл әже құшағында отырып, әңгіме тыңдауды аңсап кететін жалғыз мен емес шығар?! Телефонға бала түгілі өзіміздің тәуелді болғанымыз сонша, он үшінші мүшемізге айналғанын жоққа шығара алмаймыз. Заман соған әкелді ғой. О баста бала тәрбиесі дедік қой, қазір үйдегі өрендеріміз өлең мен тақпақ жаттап, «Жарайсың, балам!» деген атқа лайық болуды емес, «TikTok» пен «Like» түсіріп, танымал болуды ойлап жүр.

Жалпы, жеткіншектеріміз не жетістіріп жүр? Қарағандыда мұғалімдікке оқытатын беделді бір колледждің студенті газетті өртеп, «TikTok»-қа түсіпті. Біздің басылымды. Алғашқы бетінде «Ұлт көсемі Әлиханға аудан аты беріледі» деп сүйіншілеген мақаламыз және көсемнің суреті бар. Ішіңіз аши ма? Тілге тиек болып отырған әңгіменің түп төркіні осыдан шықты…

Адамзаттың алыбы Абайды да оңдырмады ғой бұл «Тиктокерлер». Артынша Ұлт ұстазы Ахметтің де суретіне де жан бітірген бейнетаспа тарады. Алаш қозғалысының көсемі Әлекеңнің Мәскеудегі Бутырка абақтысындағы ату жазасының алдында түсірілген әйгілі суреті әп-сәтте мазаққа айналды. Яғни, бейнетаспада ұлыларға ән салдырып, селкілдетіп билетіп қойған. Бұл әруақтарға ғана емес, нағыз Ұлтқа жасалған қорлық деп ұқтық…

Аттандап кетті демеңіздер, аз уақыт ішінде трендке айналған «TikTok» желісін жүктеушілер саны 1 миллиардтан асқан. Ал, күнделікті аудиториясы миллионға жуық. Аталған желіге трендтегі видеоға түсу үшін парақша иесі біраз тер төгуге тура келеді. Тез танылу үшін. Тіпті, белін қозғалтатын биді билеймін деп сүйегін шығарып алған қыздың да видеосын «TikTok»-тан тамашаладық. Тараз қаласының 15-17 жастағы жасөспірімдері «TikTok» үшін төбелесіп, біреуі пышақ жарақатын алған. Ал, енді бағамдай беріңіз, видеосы сәтті шықпай қалған баланың ызаға қалай булығатынын. Мұны баланың жүйке жүйесіне қалай әсер ететінін де іштей сезген шығарсыз…

Иә, басында балалардың ермегі деп қараған бұл дүниеден елді алаңдататын мәселе туындап отыр. Айтпақшы, бұл қытайлық қосымшаға Үндістан билігі шектеу қойыпты. Елдің тәуелсіздігі мен тұтастығына, қорғаныс қабілетіне, мемлекеттің қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртібіне зиян келтіретін желі ретінде сипатталғандықтан. Алпауыт АҚШ та «TikTok»-қа» түбегейлі қарсы болды. Жоғарыдағы марғасқаларымызды мазақ қылған соң «TikTok»-қа» тұсау салайық Қиды да апам бір түнін, Терісінен түлкінің Тігіп берді тымақты, «Құтты болсын, ки, Күнім!» «Жасаңызшы жүзге кеп, Рахмет Апа, Сізге» – деп. Қабыл алдым сыйлығын, Көңіл асқақ, жүз де ерек! Басқа кетті жараса, Қуандым жас балаша. Қызыл шырай, өң берген, Қандай әсем, тамаша! Киіп көрші тымақты, Қысың жаздан шуақты. Апам жүрек жылуын, Құйып қойған сияқты. («Тымақ») Әженің немересіне деген өлшеусіз мейірім-шафхатын, ілтипатын қалай өрнектеген бұл өлең. Өйткені, әженің немереге бағышталған махаббаты елден ерек! Оны немере-жиен сүйген әрбір ата-әже бек жақсы біледі. «Жүрек жылуын құйып қойғандай», өлеңнің соңғы шумағы керемет мән-мағынаға ие. Сабалақ, Сабалақ. Ақшылтым реңі. Абалап, Абалақ, Алабай үреді, Шамалап, Қарап ап, Бөтенді біледі. Сабалақ, Абалап, Күркеге кіреді. – Кә – десем, – Мә – десем, Қасыма келеді. Иіскелеп, Еркелеп, Соңымнан ереді, Досымдай, Осындай, Қылығын қалаймын. Жүндерін Сабалақ, Салалап тараймын. деген желі қолданушыларының қатары да артты. Алайда, құр аттаннан ештеңе өне қоймады. Құндылығымыз құрдымға кетсе де, құр жататынымыз анық байқалды…

Мені мәселенің мәнісіне біржақты ғана бойлады демеңіздер, интернет маманы пікіріне де көз жүгіртелік.

15 секундық видеоға түсудегі түпкі мақсат – танымалдылық қой. Қаралым жинау. Сосын сол желі арқылы ақша табу. Видео арқылы жарнама жасап, табыс көзін табу. Қазіргі трендті қалыптастырудағы басты көздегендері – сол. Енді, бұған да жаңаша көзқараспен қарауға болады. Өкініштісі, бір сарынмен түсірілген видеоконтенттен гөрі, жарнамасы жер жаратын, атағын бірақ сәтте аспандатуды көздейтін жеткіншектеріміз көп, – дейді SMM маманы Руслан Ерназарұлы.

Осы мәселе төңірегінде біраз ата-анамен пікір алмасқан едік. Бірден қолданбауға қарсылық танытсақ, бала көңілін күпті қыламыз ба деген ойда жүр екен көбісі.

Қауіпті әлеуметтік желі болған соң баланың ол жерде отыруына қарсымын. Ересектер өздері біледі. Қазіргінің тренді сол. Пайдалы контентімен тәнті етсе, жақсы ғой. Ал, психикасы дұрыс дамымаған, оң мен солын әлі ажырата алмайтын жасөспірім үшін қауіпті. Ашық-шашық киініп, көп лүпіл жинағысы келетін өзіміздің қаракөз қыздарымыз. Мысалы, ондай дүние жарияланатын жерде теріс пиғылды адамның отыратыны тағы бар. «TikTok» арқылы педофилге де ұрынып жатқандар баршылық. Сондықтан, ата-ана баланың телефонын қадағалап отыру керек, – дейді қарағандылық

Гүлжазира Серікқалиқызы. Гүлжазира Серікқалиқызының айтып отырғаны – үлкен мәселе. Бұқаралық ақпарат құралдары «TikTok» арқылы педофилдер арам ойларын жүзеге асыруда» деп дабыл қаққан еді. Алайда, баланың болашағына алаңдайтын ата-ана қандай шара қолданып жатыр? Сізге де, бізге де беймәлім…

Кеше ғана балқаштық бауырым Елдар Ерболаттан мынаны естідім. «TikTok»-тағы тренд видеолардың біреуі – көлік дөңгелегенің желбітегішін ұрлау боп тұр ғой. Аулада 3-4 баланың қолынан бір қапшық дөңгелектің желбітегішін көрдім. Видео түсіріп жүр. Кәдімгі 7-8 жастағы балалар». Ал, бұған не дейсіздер? Демек, «TikTok» баланы ұрлыққа, бопсалауға баулып жатыр деген сөз.

«Instagram» желісіндегі «Qazaqstanda» атты парақшада нанды аяғымен таптап, танымал болған қазақстандық тиктокер де елден қарғыс естіді. «Тамағы тоқтық, көйлегі көктік аздырар адам баласын» демей ме Һакім Абай.

Ендеше, қасиет киесі ұрмасын, «TikTok» түбімізге жетпесін! Басқа не айтамыз?..

P.S: Бет қатталып жатқанда мына бір хабарды көзім шалып қалды. Осыдан екі күн бұрын Шымкентте 15 жастағы қыз «TikTok» түсіремін деп тоққа түсіп, жансақтау бөлімінде жатыр. Теміржолдағы кернеуге шығып, видео түсірмекші болған жеткіншекті қуаты 27 мың вольт тоқ сымдары денесін әп-сәтте шоққа айналдырған. Өкінішті…

Қасымхан ҒАЛЫМ.

Басқа материалдар

Back to top button