АймақЖаңалықтарНұра

Тікенекті ауылы – «Үлгілі ауыл» атанды

Нұра ауданы, Тікенекті ауылында бар-жоғы 226 адам тұрады. Соңғы екі жыл ішінде бұл ауылда ешқандай қылмыстық оқиға тіркелмеген. Себебі, бұл ауылдың азаматтары алкоголь сусындарын сатудан бас тартқан. Осынысымен ауыл – «Үлгілі ауыл» атанып отыр.

Суреттер: облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

Ауыл әкімі Ерлан Оспанов пен учаскелік полиция инспекторы Әлібек Оспанов алкоголь сусындарын сатуға тыйым салған екен.

– Бұл бірлескен шешім. Әкім екеуміз бастама ұсынып, Қоғамдық кеңестің төрағасы бізді қолдады. Енді осы бағытта бірлесіп жұмыс істейміз. Жастарымыздың қылмысқа бармауын, дұрыс және салауатты өмір салтын ұстанғанын қалаймыз, – дейді Әлібек Оспанов.

Осындай үлгі көрсеткені үшін ауыл әкіміне ІІМ басшысы Марат Ахметжанов «Тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалін табыстады.

– Биыл ауылдағы үш көшенің жолдары орташа жөндеуден өтпек. Мұнда орталық су құбыры 2016 жылы «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша өткізілді. Интернет және ұялы байланыс бар. Көшелерде 21 жарықтандыру тірегі орнатылған. Биыл тағы 14 жаңа жарық бағана жеткізу жоспарлануда. Сондай-ақ мамыр айында заманауи балалар ойын кешені орнатылады, – деді Нұра ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Нұржан Оралбаев.

Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button