Тиімді бизнес – басым сипатта

Мемлекет басшысы 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында шағын, әсіресе микробизнес елдің әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

2019 жылдың қорытындысы бойынша облыста 2018 жылға қарай 5,1% өсіммен 88,3 мың жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектісі жұмыс істейді. Бұл секторда жұмыспен қамтылғандар саны 238,7 мың адамды құрады, өндірілген өнім көлемі 1,5 трлн. теңге көлемінде күтілуде.

Бұл сандардың артында қолайлы бизнес-климат құру және кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асыруға қатысты үлкен жұмыс жатыр.

2019 жылы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын жүзеге асыруға 1,7 млрд. теңге бөлінді. Бұл қаражатқа 288 жобаға субсидиялар, кепілдіктер, гранттар және инфрақұрылым берілді. Жоба өңдеу өнеркәсібін, көлікті, сауданы, денсаулық сақтау және білім беру саласындағы қызметтерді және тағы басқаларын дамытуға бағытталған. Жалпы, бағдарлама құралдарымен облыстың барлық өңірлері қамтылған, оның ішінде моноқалаларда – 7,4 млрд. теңге инвестиция сомасына – 100 жоба.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Қарапайым заттар экономикасы» басым жобаларын қолжетімді несиелеу міндеттерін шешу мақсатында 2019 жылы 13,5 млрд. теңгеден астам сомаға 74 жоба мақұлданды (республикада – 4-орын). Жобалар АӨК, тамақ, жеңіл, өңдеу өнеркәсібін дамытуға бағытталған. Нәтижесінде 369 жаңа жұмыс орны ашылды.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек»  бағдарламасы бойынша 1689 шағын несие берілді (мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы және қызмет көрсету саласын дамыту), бұл 2018 жылмен салыстырғанда 52%-ға артық. Нәтижесінде 1560 жаңа жұмыс орны ашылды. Шағын несиелеумен облыстың барлық өңірлері қамтылған, ең көп шағын несиелер Бұқар жырау ауданында – 302 жоба, Жаңаарқа ауданында – 246 және Қарқаралы ауданында – 239.

Микронесие беруді кеңейту мақсатында 2019 жылы «AtamekenQaraganda» микроқаржы ұйымы өз жұмысын бастады. Несие портфелі 200 млн. теңгені құрайды («Қазмырыш» ЖШС есебінен). Жәйрем кенті мен Қаражал моноқаласынан 8 кәсіпкер қолдауға ие болды. 2020 жылдан бастап өңірдің даму институттары мен ірі компанияларын тарту есебінен несие қоржынын кеңейту жоспа Кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларында көзделген өтеусіз гранттар бизнес үшін үлкен демеу болды. 2019 жылы жас кәсіпкерлерге, көпбалалы аналарға және басқа да санаттағы азаматтарға 435 млн. теңгеден астам сомаға 2058 грант берілді. Ең көп грант Нұра (170) және Қарқаралы (161) аудандарында берілген.

Облыстың қала құраушы кәсіпорындарымен серіктестік келісімдер жасасу арқылы шағын кәсіп     орындарды жүктеу бойынша жұмыс жалғастырылды. 2019 жылдың қорытындысы бойынша ірі компаниялар 104,7 млрд. теңге (2018ж. +25,8%) сомаға өнім жеткізу және сервистік қызмет көрсету бойынша 1318 серіктестік келісім (2018 жылға +21,6%) жасасты.

Кәсіпкерлер үшін қаржылық емес қолдау шаралары сұранысқа ие болып отыр. 2019 жылы «Еңбек» және «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламалары аясында 7 мыңнан астам адам бизнес жүргізу негіздеріне оқытылды. Оның ішінде «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша 3700 адам, «Жас Кәсіпкер» – 1350 адам, «Бизнес Кеңесші» – 1585 адам оқытылды.

Қарағанды облысы әкімінің басшылығымен кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – ККО) жұмысы жалғастырылды.

Бизнес үшін үлкен проблема табиғи монополиялар субъектілерінің бос энергия қуатының болуы туралы ақпаратының ашық қолжетімділікте болмауы болды. Қазіргі уақытта интерактивті онлайн-картада 929 нысан, оның ішінде қолжетімді энергия қуаты, су құбыры желілері, бос жер учаскелері, тоқтап тұрған объектілер, екінші деңгейдегі банктердің кепілінде тұрған кәсіпорындар, мүлік, жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттар орналастырылған.

ККО жұмысының қорытындысы бойынша қала құрылысы құжаттамасын әзірлеу мәселелері (саны 5 мың адамға дейінгі елді мекендердің бас жоспарлары және егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары) шешімін тапты.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, сондай-ақ, әкімшілік кедергілерді азайту мақсатында ККО шеңберінде бизнес алдында бақылау-қадағалау органдарының бірыңғай есеп беру күнін өткізу тәжірибесі енгізілді. Пилоттық жобаның бірінші отырысы 2019 жылғы 12 шілдеде өткізілді, онда 4 бақылау-қадағалау органдарының есептері тыңдалды. Екінші отырыс 2019 жылы 30 қыркүйекте 29 бақылау-қадағалау органының қатысуымен өтті. Барлығы 2000нан астам кәсіпкер қатысты.

Өңірлерді маркетингтік зерттеу шеңберінде 2019 жылдың қыркүйек айынан қазан айына дейін 330 мың үй шаруашылығы мен кәсіпкерлерге скрининг жүргізілді. Оның негізінде жұмыс істеп тұрған бизнестің перспективалы тауашаларын және өңірдің бизнес-идеялардың жаңа бағыттарына қажеттілігін қарастыратын Өңірлік даму картасы әзірленетін болады.  

ЖӨӨ құрылымында 13% алатын сауда саласында оң динамика байқалады. 2019 жылдың қорытындысы бойынша бөлшек тауар айналымы 3,5%-ға (989,2 млрд. теңге), көтерме сауда 23,2%-ға (1224,1 млрд. теңге) өсті. Біз республикада бөлшек және көтерме сауда көлемі бойынша жетекші орынды иеленуді жалғастырып келеміз.

2019 жылы жаңа бизнес нысандарының құрылысы жалғастырылды. Жеке инвестициялар есебінен 18,4 млрд. теңгеге сауда және қызмет көрсету саласында 287 жоба жүзеге асырылды. Бұл 1416 тұра Біз өсудің үлкен қорын онлайн-сауданы дамытудан байқап отырмыз. Ол үшін «Бизнестің жол картасы – 2020» ББ шеңберінде сандық және қаржылық сауаттылыққа, электрондық саудада бизнестің құзыретін арттыруға 1584 адам оқытылды. Есепті жылы Қарағанды мен Жаңаарқа ауданында барлығы 7 жаңа интернет-дүкен ашылды. 2019 жылдың мамыр айында пошта операторы «Қазпошта» Қарағандыда алғашқы e-commerce орталығын ашты. Бұл алаңда кәсіпкерлер жаңа өнімдер мен тетіктер туралы, өз бизнесін неден бастау керек, қазіргі дүкенді қалай ілгерілетіп, оның логистикасы мен маркетингін қалай дамыту керек екенін біле алады.

 2019 жыл бірқатар шет елдердің ресми өкілдері тарапынан мүдделіліктің жоғары деңгейімен атап өтілді. Біздің облысқа АҚШ, Германия, Франция, Чехия, Израиль, Литва, ОАР, Армения, Өзбекстан және Қырғызстан өкілдері келді. Осы кездесулер аясында экономиканың барлық салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Туристік сала кәсіпкерліктің дамуына үлкен серпін берді. Белгілі болғандай, Балқаш курорттық аймағы Туристификация картасының ТОП-10, Қарқаралы және Ұлытау – ТОП-50 енген.

Барлығы 2019 жылы 1404,1 млн. теңге сомасына 13 жоба іске асырылды, 102 жаңа жұмыс орны құрылды.

2019 жылдың маусым айында Балқаш курорттық аймағында 80 туроператордың қатысуымен халықаралық туристік форум өткізілді. Туроператорлар мен демалыс аймақтары арасында 20 коммерциялық шарт жасалды.

Өткен жылдың тамыз айында Ұлытау ауданында «Жезкиік» халықаралық фестивалі және Мемлекет басшысының қатысуымен туристік форум өтті.

Бұл жыл микро және шағын бизнес үшін ерекше болмақ. Салықтық демалыстар мен тексерулерге 3 жыл мерзімге мораторий кәсіпкерлікті дамытудың жаңа кезеңі болады.  Бұл өндірісті кеңейтуге, жұмыс орындарын ұлғайтуға, бизнес үшін жаңа тауашаларды ашуға мүмкіндік береді.

Жалпы 2020 жылға «Бизнестің жол картасы – 2025» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары бойынша бизнестің 300 жобасын қаржылық қолдауды қамтамасыз етуді, «Еңбек» бағдарламасы бойынша 1000-нан астам жобаны жеңілдікті шағын несиелеумен қамтуды, жұмыссыз және өзінөзі жұмыспен қамтыған 1500 адамды «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша оқытуды, сауда, туризм және қызмет көрсету саласында 176 жобаны іске асыруды жоспарлап отырмыз. Бизнес алдында бақылау-қадағалау органдарының «Бірыңғай есеп күнін» өткізу және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі комиссияның жұмысы жалғастырылатын болады.

Татьяна АБЛАЕВА,

Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасының басшысы.