ЖаңалықтарШахтинск

Тергеу мерзімі ұзартылды

 «Шахандағы жылу қазандығының жарылу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу мерзімі ұзартылды. ҚР ҚК 281-бабы, 2-бөлімі («Жарылыс қаупi бар объектiлерде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу, абайсызда адам өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соғу») бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу мерзімі үшінші айға созылды» деп хабарлайды Қарағанды облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі. Яғни, қылмыстық істі тергеу наурыз айының соңына дейін жалғасады. Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен куәгерлерден жауап алынуда, бірқатар сараптамалар тағайындалды.

Еске сала кетсек, биыл 1 қаңтарда кешкі 22:40-та Қарағанды облысы Шахан елді мекенінде бес қабатты үйдің жертөлесіндегі жылу қазандығы жарылды. Салдарынан төртінші кіреберіс қирады. 9 адам мерт болып, екі адам жараланды. Бұған дейін әкімдік, энергетика басқармасы және ТЖ департаменті қызметкерлерінің Қарағанды облысындағы жеке қазандығы бар үйлерге кешенді тексеріс жүргізгені хабарланған еді. Автономды жылыту жүйесі бар 688 нысан анықталды, олар – тұрғын үйлер мен мемлекеттік мекемелер. Жылыту маусымы аяқталған соң, азаматтардың қауіпсіздігі үшін барлық қазандықтар ғимараттардан тыс жерге шығарылады.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button