АймақБас тақырыпЖаңалықтар

Теміртаудағы атыс: үш күдікті құрықталды

Қарағанды облысының полиция департаменті Теміртаудағы атысқа қатысты үш адамның ұсталғанын хабарлады. Оқиға 4 сәуірге қараған түні болған. Қалалық орталық ауруханаға жараланған 27 жастағы ер адам жеткізілген болатын.

Сурет: ПД

– Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Теміртау қаласының тұрғынына қарсы қару қолдану арқылы бұзақылық жасаған 27 мен 31 жас аралығындағы үш ер адам ұсталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жарияланбайды, – деді Қарағанды облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button