ТеміртауАймақБас тақырып

Теміртауда соғу-престеу цехы қайта іске қосылады

Qarmet баспасөз қызметінің хабарлауынша, Теміртаудағы Qarmet металлургиялық комбинатында өндірісті жаңғырту аясында соғу-престеу цехын қалпына келтіру жұмыстары аяқталуға жақын.

Сурет Qarmet

Жоба іске қосылғаннан кейін кәсіпорын арнайы бөлшектер мен жабдық элементтерін өз ішінде өндіру мүмкіндігіне ие болады.

Аталған цех 2019 жылы апатты жағдайға байланысты тоқтап, бірнеше жыл бойы пайдаланылмаған. Қалпына келтіру жұмыстары 2024 жылы басталып, 2025 жылы қарқынды кезеңге өтті. Қазір нысанның шатыры толық ауыстырылып, қабырғалары жаңартылды, негізгі конструкциялар күшейтілді.

Қазіргі таңда ішкі инфрақұрылымды жаңарту, инженерлік желілерді жетілдіру және жаңа жабдықтарды орнату жұмыстары жалғасуда. Жоба толық аяқталған соң цех биыл қайта іске қосылады деп жоспарланып отыр.

Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button