АймақТеміртау

Теміртауда ресурстық тіл орталығы ашылды

Теміртауда ресурстық тіл орталығы ашылды, онда қала кәсіпкерлері мен ұйымдары көрнекі ақпарат пен жарнамалық мәтіндерді аудару бойынша көмек ала алады.

 

Ресурстық орталықтың қызметкерлері барлығына тегін көмектесуге дайын. Бұған дейін Теміртау кәсіпкерлері сапалы аударма үшін Қарағанды орталығының мамандарына немесе жеке компанияларға жүгінуге мәжбүр болған.

 

– Біз маңдайшаларды, жарнамаларды және басқа да көрнекі ақпаратты мемлекеттік тілге аударуға көмектесеміз. Қазақ тілінде контент жасауда кеңес береміз, сондай-ақ құқықтық және әдістемелік көмек көрсетеміз. Біз қазірдің өзінде көптеген тамақтану нысандарының мәзірін аудардық. Біздің міндетіміз – мемлекеттік тілдің қолдану шекарасын кеңейту, – дейді Теміртау ресурстық Тіл орталығының директоры Гүлнар Ақышбаева.  

Орталық Чернышевский көшесі, 77-де орналасқан. Аптасына бес күн 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Қосымша ақпаратты    (8-7213) 92-25-16 телефоны арқылы алуға болады.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button