Бас тақырып

Теміртауда екі ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылады

Жаңа өндірістер экономиканы әртараптандыруға бағытталған және қосымша жұмыс орындарын қамтамасыз етеді. Қалада жылумен және сумен жабдықтауды жақсарту да басым міндеттер болып қала береді. Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың төрағалығымен өткен кеңесте Теміртаудың даму мәселелері мен әлеуеті талқыланды.

Суреттерді түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

– Облыс құрылымындағы қала экономикасы айтарлықтай үлес алады – шамамен 23%. Бұл еліміздегі ең ірі металлургия орталықтарының бірі. Теміртау өнеркәсіпте негізгі көлем береді. Барлық құрылымдардың қолдауының арқасында қала дамуда, – деп атап өтті өңір басшысы.

Жылумен жабдықтау қызметтерінің сапасын жақсарту үшін 2022 жылдан бастап қалада магистральдық жылу желілерін қайта құру және күрделі жөндеу жұмыстары белсенді жүргізілуде.

Теміртау қаласының әкімі Ораз Тәуірбеков алдағы екі жылда 135 жаңа жұмыс орнын құра отырып, жалпы сомасы шамамен 6 млрд. теңгеге бірқатар ірі инвестициялық жобаларды іске қосу жоспарланып отырғанын хабарлады. Атап айтқанда, Теміртауда кокс дирексил, полимер бұйымдары, үйлер салу үшін темірбетон конструкциялары өндірілетін болады. Биыл екі жаңа кәсіпорын ашылады деп күтілуде.

Ораз Тәуірбековтың айтуынша, қалада шағын өнеркәсіп аймағының жобасы әзірленген. Туризм саласында да жоспарлар бар. Компаниялардың бірі тау шаңғысы кешенін қайта құрумен айналысады.

Теміртауда жылу және су құбыры желілерін қайта жаңарту жалғасады. Биылғы жылы ескі қала мен оң жағалау тұрғындары үшін жаңа электр желілерінің құрылысы басталады. Металлургтер даңғылындағы автожолды күрделі жөндеуге кіріседі.

Кезекте тұрғандарды қамтамасыз ету үшін төрт көпқабатты үйдің құрылысын аяқтау қажет. Газдандыру жалғасады. Биыл тағы үш іске қосу кешенінің құрылысы басталады. Бұл тағы 1700 абонентті газға қосуға мүмкіндік береді.

Қауіпсіздік пен тәртіпті бақылау үшін қалада 500 бейнебақылау камерасы орнатылады. Оның ішінде бақылау аймағына қоқыс контейнерлік алаңдары түседі.

Ермағанбет Бөлекпаев ТКШ-да инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру, ШОБ дамыту, тұрғын үй құрылысы, әлеуметтік мәселелерді шешу бойынша міндеттер қойды. Көлікте электрондық билеттеу жүйесін енгізуді жеделдету қажет. Қалада балабақшаларда орын жетіспейді, медициналық кадрлардың тапшылығы – бұл мәселелерді шешу қажет.

Облыс әкімі жұмыс сапары барысында ЖЭО-2 мен ҚарМАЭС-ке барып, жылу беру маусымының өткені туралы баяндаманы тыңдады. Ермағанбет Бөлекпаев қазірдің өзінде келесі маусымға дайындық үшін жөндеу науқандарын бекіту қажеттігін атап өтті. Qarmet басшылығы биыл жетінші қазандықтың аяқталатынын растады. Қазір құрылыс алаңында жұмыстар жанданды.

Әділет ШОПЕН.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button