ТеміртауАймақЖаңалықтар
Теміртауда бұлақ көздері тазартылды
Бүгін Теміртау қаласында “Таза Қазақстан” акциясы аясында бұлақ көздерін тазарту жөнінде экологиялық шара өтті.

Бұл күні теміртаулық “Таза Қазақстан” қозғалысына қатысатын белсенді жастар қаланың 8-шағын ауданы мен “Қарағанды-Теміртау” тас жолы бойында ағып жатқан бұлақтар басында болып, олардың көзін аршып, айналасын қоқыс, шөп-шалам, қағаз қалдықтарынан арылтты.

“Бұлақ көрсең, көзін аш” деген халқымыздың қағидасын ұстанған жастар осы ісімен туған жер табиғаты мен қоршаған ортаға қамқорлығы мен сүйіспеншілігін көрсетті.
Ержан ИМАШ
ТЕМІРТАУ



