АймақТеміртау

Теміртауда Қала күні тойланды

Теміртаулықтар осыменен 79-шы рет өз қаласының туған күнін атап өтті.

Осындағы «Бірлік» алаңында, Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығының сыртында өткен мерекенің шымылдығын Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімов жерлестерін осынау айтулы күнмен құттықтап ашты.

Бұдан кейін «Тұғырлы Теміртау» атты мерекелік бағдарламада сәндік-қолданбалы өнер көрмесі ұйымдастырылып,концертке кезек берілді.

Онда қаланың үздік шығармашылық ұжымдары,халықаралық фестивальдер мен конкурстардың лауреаты Дулат Баймағамбетовтің жетекшілігіндегі «Top band » тобы, «Алтын дауыс», «Алтын дауыс» конкурсының жеңімпазы Меруерт Тойбекова,сондай-ақ қазақ эстрадасының жұлдызы Қазыбек Құрайыш пен «Jaman-Т» тобының әншілері көрермендерді тәнті етіп,оларға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Концерттің жалғасы мерекелік от-шашуға ұласты.

Ержан ИМАШ,
ТЕМІРТАУ
Суреттер ұйымдастырушылардан

Басқа материалдар

Back to top button