Бас тақырып

«Теміртау-Астана» ақылы жолы қалай жұмыс істейді?

«Астана-Теміртау» жолында 26 қаңтардан бастап төлемақы алу жүйесі іске қосылды. Төлем жүйесін енгізу жолдың сапасын жақсартып, уақытылы жөндеу жұмыстарын жүргізуге және апаттық жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік береді. «ҚазАвтожол» компаниясы өкілдерінің мәліметінше, ақылы жолдың автокөлік иелеріне ұсынатын айтарлықтай жеңілдіктері де бар. Толығырақ тоқталсақ.

Сонымен, Теміртаудан бастап Астанаға дейінгі аралықтың төлемақы мөлшері – 400 теңге. Бұл – қолма-қол төлем үшін бекітілген тариф. Ал, егер оны қымбатсынсаңыз, онда алдын-ала онлайн төлем жасап, 200 теңгемен жүре аласыз. Жол бойында орналасқан ауыл тұрғындары үшін де арнайы жеңілдік қарастырылған. Яғни, бір жылдық абонементтің құны – 1000 теңге. Әрине, бұл жеңілдікті иелену үшін, көлігіңіз тұрғылықты жерде тіркелген болуы шарт.

Қолма-қол төлем үшін жол бойына арнайы қондырғылар орнатылған. Ал, онлайн төлемді Рayway.kz, QIWI, Касса24, Киберплат, Tenge, Wooppay және Salempay қосымшалары арқылы немесе Kaspi, Сбербанк, АТФ банк, Халық банк, Еуразиялық банк және Capital bank-тің интернет-банкинг қосымшалары арқылы төлеуге болады.

Басқа материалдар

Back to top button