АймақТеміртау

Теміртауға ONAY! келді

Облысымызда қоғамдық көлікті цифрландыру жалғасуда. Теміртау әкімдігі, тасымалдаушылар мен «Алматы қаласының Қарағанды облысы бойынша көлік холдингі» ЖШС филиалы арасында жасалған меморандумға сәйкес, ONAY! жол ақысын төлеудің электрондық жүйесі жақын арада Теміртаудағы автобустарда да қосылатын болады.

Жүйені пайдалану үшін жолаушыларға көлік карталары қажет.

Теміртауда карталардың үш түрі пайдаланылады: «Бірыңғай», «7 жастан 18 жасқа дейінгі балалар», «Республикалық жеңілдік».

Олардың бір бөлігін ONAY! қызмет көрсету пунктісінде рәсімдеуге болады. 28 наурызда ол келесі мекенжай бойынша ашылады: Теміртау, Блюхер көшесі, 13.

Жұмыс уақыты – дүйсенбіден бастап жұмаға дейін, сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін. Түскі ас – 13:00-ден 14:00-ге дейін.

Бірыңғай карта

Құны – 500 теңге. Теміртаудағы жол жүру тарифі – 70 теңге.

Сатып алу үшін ешқандай құжаттарды ұсынудың қажеті жоқ.

Картаны қызмет көрсету пунктінен немесе жеке таратушылардан сатып алуға болады.
«7 жастан 18 жасқа дейінгі балалар» картасы

7 жастан 18 жасқа дейінгі барлық балаларға арналған карта. Оны рәсімдеуге мектептердегі әлеуметтік мұғалімдер көмектеседі.

Қажетті құжаттар:

баланың туу туралы куәлігі (ЖСН-мен);
3х4 фотосуреті
Теміртауда карта бойынша жол жүру құны – 35 теңге

Картаны бастапқы шығару құны – 500 теңге.

«Республикалық жеңілдік» картасы

Қолданушылар:
«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған көпжо балалы аналар;
I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар;
бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар.

Қажетті құжаттар

Марапатталған көп балалы аналар үшін:

Жеке куәлік;
3х4 фотосуреті;
Орден кітапшасының түпнұсқасы.
I топтағы мүгедектер үшін:

Жеке куәлік;
3х4 фотосуреті;
МӘС анықтамасының түпнұсқасы
Карта бойынша жол жүру құны – 0 теңге

Картаны бастапқы шығару құны – 0 теңге.

Картаны Блюхер көшесі, 13 мекенжайы бойынша ашылған қызмет көрсету пунктісінде рәсімдеуге болады.Карталардың барлық түрлері ONAY! электронды төлем жүйесі жұмыс істейтін барлық қалаларда белсенді болады – Алматы, Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Саран.

Әділет ШОПЕН

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button