АймақТеміртау

Бір тәулікте су тасқынына қарсы жедел штабқа 21 өтініш келіп түсті

Теміртау қаласы бойынша коммуналдық қызметтердің, ТКШ бөлімі және ТЖБ мердігерлік ұйымдарының күшімен ескі қала мен әлеуметтік қаланың жеке секторында еріген қар суымен су басу қаупі бар аймақтар тазартылды. Еріген су тұрғын үй алабынан арықтарға бұрылды. Металлургтер даңғылы 19/1 бойындағы көпқабатты тұрғын үйдің ауласында еріген су сорылады, арнайы техника жұмыс істейді. Ақтау кентінің Мырза станциясының жолында тәулік бойы арнайы Бекет кезекшілік етеді.

Оң жағалауға келетін болсақ, Мартеновская көшесіндегі су сору жүйесі штаттық режимде жұмыс істейді. Аталмыш көшедегі 3 тұрғын үй бақылауда (су сорылады, аула аумағы инертті материалмен толтырылады). Су тасқыны жағдайы бақылауда.

Естеріңізге сала кетейік, Теміртау қаласы әкімдігінің жанынан 15 наурыздан бастап тәулік бойы су тасқынына қарсы штаб жұмыс істейді. Тұрғындардың өтініштері 44-43-22 немесе 112 телефондары арқылы қабылданады.

Әділет ШОПЕН,
ТЕМІРТАУ.
Сурет пен видео: қала әкімдігінен

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button