Қарқаралы

Теміршідегі толағай істер

Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында елге, жерге деген патриотизм – әр адамның алтын бесік ауылына жасаған кішкене игі ісінен бастау алатындығын, әр азаматтың Отаны алдындағы перзенттік борышын өтеуден басталатындығын баса айтты. Бүгінгі таңда Қарқаралы ауданында ауылына шама-шарқынша көмек қолын созып, ел алдында абыройға бөленіп жүрген жастар қатары артып келеді. Сондай жастардың бірі – Айдос АҚШОНТАЕВ.

Айдос Жазитұлы аудан орталығынан шалғайда орналасқан Темірші ауылында дүниеге келген. Кәсіпкер, балуан, қазақ және дзюдо күрестерінен спорт шебері. Сегіз қырлы азамат ауылының өркендеуіне де жіті көңіл бөле бастады.

Алдымен ауылда Алланың үйі – мешіт құрылысын қолға алды. Айдос бастаған ауыл азаматтары – ағайынды Нұрслан мен Ұлан Абылхановтар, Дос Кемелхан, Дәулетхан Райымбеков тиісті жұмыстарға ерекше ыждаһаттылықпен ден қойып, кірісіп кетті.

«Тәрбие басы – тазалық» демекші, ауыл ішінің тазалығын ретке келтіру үшін екі жүк көлігі мен жүк тиегіш бульдозер алып келіп, он бес күн жұмыс жасады. Өз қаржысына ескі интернат үйі мен құлаған үйлердің орнын, көшелерді күл-қоқыстан тазартып берді.

Бұл істе ауыл жастары да ұйымшылдық танытты. «Ауылына қарап, азаматын таны» дегендей, бұл жұмыстардың басы-қасында Айдостың ағасы Жеңіс Ақшонтаев, Ғазиз Қомаров, Бауыржан Қасымжанов, Ғалым Сембаевтар жүрді. Әр шаруаға жауапкершілікпен қарайтын қайратты ауыл жастарының ізгілікті ісіне жұрт дән риза.

Сағыныш ӘБІЛОВА,

«Орталық Қазақстан»

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button