Жаңалықтар

«ТемирЛайндағы» сапалы өнімдер

    Көпұлттан құралған еліміздің әлеуметтік және экономикалық, сондай-ақ кәсіпкерлік, тағы басқа да салаларында еңбек етіп жатқан ұлттар мен ұлыстар аз емес. Тәуелсіз мемлекетімізді дамытуда, өркендетуде олардың қосып жатқан үлестері де салмақты.
Бизнесінің тасын өрге домалатып, қаламыздың тұрғындарын сапасы жоғары металл есіктер және жылу қазандықтарымен қамтамасыз етіп келетін өндірістік кәсіпорны – «ТемирЛайн» ЖШС-нің қызметіне халық зор баға беруде. Өз жұмысын 2009 жылы бастаған өндірістік кәсіпорнына Вагиф Мавлеев басшылық етеді. Мұнда бас-аяғы жиырмадан астам адам еңбек етеді. 11655284_w640_h640_01
Жеті жылдың ішінде бұл өндірістік кәсіпорны сапалы қызметімен тек жеке тұлғаларды ғана емес, ірі кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерді де өзіне баули біліп, үлкен жетістіктерге жетті. Өндірістік кәсіпорынның қызметімен бізді мекеменің бас есепшісі, тәжірибелі маманы Мария Сильчук таныстырды. Оның айтуынша, өндіріс цехында қызмет етіп жатқан жұмысшылардың арасынан ұзақ жылдан еңбек етіп келетін металл қыздырушы (дәнекерлеуші) Владислав Пыркало және участке шебері Роман Маулимшин, сонымен қатар, басқа да ұсталардың қолынан апта сайын халыққа қажетті бұйымдар жасалынады. Олар тек темір есіктер мен қазандықтар шығарып қана қоймай, тұтынушылардың қалауына, талғамына қарай заманауи үлгідегі орындықтар, шамдар, бағандар және темір торларды да жасайды.
«Қазіргі күнде халықтан түсетін сұраныс көбінесе металды есіктерге болып отыр. Өйткені, бізде жасалатын сыртқы болат есіктердің 10-ға жуық түрі бар. Олардың арасында дизайны көпшілікке таңдай қақтырып үлгергендері бар. Алайда, жылу қазандықтарына да сұраныс жоқ емес. Темір есіктердің бағасы базар бағасына қарағанда бізде төмен. 55 – 100 мың теңгенің шеңберінде. Ал, көтерме бағасы 45 мың теңге. «Жанар тау» жылу қазандықтары қуатына, көлеміне қарай  34 мың теңгеден басталады. Біздегі ең ірі жылу қазандығы көп қабатты үйлерді тұтастай жылыту күшіне ие. Оның сатылымдағы бағасы 2 млн.  400 мың теңге», – дейді Мария Михайловна.  
Сондықтан, «ТемирЛайн» ЖШС өндірген металды өнімдерінің басым көпшілігіне сұраныс жоғары. Мәселен, болат есіктер мен жылу қазандықтарын істеп шығару қуаты 1000 данаға шейін болса, әр түрлі металды өнімдер шығару қуаты 500 данадан асады. Бұрын кәсіпорынның металл өндіру ісінде кейбір өзекті мәселелер, яғни проблемалар болды. Бірақ, білікті басшының ұйымшылдығы мен іскерлігінің арқасында өндіріс базасының аясы біршама кеңейе түскен. Өндіріс орнын қосымша қажетті құрал-саймандармен қамтамасыз ету мәселелері де өз шешімін тауып, заманауи технологиялық құрылғылармен жабдықтау жүйелі орындалған.

Қ.АСҚАР.
ШАХТИНСК қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button