Теміртау

Темірдауда мектеп шеберханасы өртенді

Теміртау қаласындағы №1 жалпы білім беретін мектептің шеберханасында өрт шықты. ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрттен зардап шеккендер жоқ.

Өртке қарсы қызметкерлер мектептегі төтенше жағдай туралы 10 қаңтар күні сағат 17:13-те хабар алған. Тілсіз жауды дер кезінде байқаған оқушылар мен мұғалімдер ғимараттан шығып үлгерген. Оқиға орнына Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 17 қызметкері мен 6 техника жұмылдырылды. Сағат 17:29-да өрт толық сөндірілді. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. 

Басқа материалдар

Back to top button