«Технодом»: Табиғатты сүйеміз, Қазақстанды сүйеміз!

     «Технодом» компаниясы арнайы эко-бокстерді орнату жобасын сәтті жүзеге асырып отыр. Бұл жоба — электр-тұрмыстық қалдықтарды – батареялар, сымдар, портативті электрониканы жеке жинап, өңдеуді көздейді. Қазіргі таңда Қазақстанда мұндай 126 эко-бокс орнатылған.

      2016 жылда оның саны 126-ға дейін артты. Еске сала кетейік, бокстерді орнату «Табиғатты сүйеміз, Қазақстанды сүйеміз» экологиялық жоба аясында іске асуда. Баршаға мәлім, электрондық қоқыстар табиғат, адам үшін де зиян және ол қалдықтардан әдеттегі жолмен құтылудың жөні жоқ. Енді ескі техниканы өткізіп, табиғатқа кез келген адам көмек бере алады. Өз кезегінде «Технодом» компаниясы қазақстандықтарды электроника және техника қалдықтарынан жалпыға ортақ тәсілмен арылудың жолынан бас тартуға шақырады. Ол үшін әрбір азамат тозған электр, техникасын дүкеннің желісіне әкелуі тиіс. Онда «электрқоқысты» тегін қабылдап, қазақстандық кәсіпорындарға қайта өңдеуге жөнелтеді. Жобаның негізгі мақсаты – қоғамның назарын экологиялық проблемаларға аудару және қоршаған ортаны қорғауға үндеу болып табылады.

      «Технодом» компаниясы – Қазақстандағы электртұрмыстық және компьютерлік техниканың ұлттық жетекші желісі. Оның желісінде еліміздің 26 қаласында 63 дүкені бар. Сондай-ақ, Қырғызстанда да кездеседі. Бұл дүкендер желісінің алып жатқан жалпы аумағы 80 000 шаршы метр.

     «Технодом» жетекші әлемдік брендтердің электроника және тұрмыстық техникасын ұсынады. Олардың қатарында, Sony, Panasonic, Samsung, LG, Daewoo, Apple, HTC, Philips, Nokia, Canon, Nikon, Fujitsu, Bosch, Siemens, Electrolux, Indesit, Hotpoint-Ariston, Elica, Gorenje, Hansa, Zigmund & Shtain, Zanussi, Whirlpool, Beko, Termex, Moulinex, Tefal, Rowenta және тағы да басқалары бар. Олар 15 мың түрлі өнім ұсынады. «Технодомның» қызмет көрсетуі тұтынушының барлық талабын ескерген.

 

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.