АймақҚарағанды

«Таза Қазақстан»: Абай ауданының еріктілері үйсіз қалған жануарларға көмектесті

Абай ауданында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы жалғасуда. Жастар қоршаған ортаның тазалығына ғана емес, көмекке мұқтаждарға да назар аударады.

Суреттер облыс әкімдігінің сайтынан

Абай қаласының Вольный кентінде жануарларға арналған баспана бар. Оны жергілікті тұрғындар ұйымдастырған. Баспананы күтіп ұстауға қыздардың өз қаражаты және демеушілердің тұрақты емес көмегі септігін тигізеді.

Баспанасыз жануарлар  туралы білген соң, AbayTeam еріктілері көмекке келді. Олар «Жақсылық жолындағы тазалық» акциясын өткізіп, қайта өңдеуге өткізілетін қайталама шикізатты жинауды ұйымдастырып, түскен қаражатқа жануарларға азық сатып алады.

Еріктілер корпусының белсендісі Ержан Рахметов мұндай акция, оның пікірінше, үш есе нәтиже беретінін айтады. Біріншіден, қайталама шикізатты өткізетін адамдар қоршаған ортаны таза етеді, өйткені қораптар, газеттер, пластик – бұл қоқыс. Екіншіден, қағаз өңдеу жасыл желектердің өмірін сақтап қалады, бұл экологияны сақтауға септігін тигізеді. Үшіншіден, әсіресе жылдың суық мезгілінде оған өте мұқтаж жануарларға көмек көрсету.

Акцияға оқушылар белсенді қатысуда. Бұл балаларды мейірімділікке тәрбиелеуге ықпал етеді, сондай-ақ экологиялық мәдениетке үйретеді.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button